Финляндияның мейірбике ісіндегі электрондық инновациялары

Page 1

Финляндияның мейірбике ісіндегі электрондық инновациялары Құрылымдық электрондық құжаттама және виртуалды үй күтімі мысал ретінде Денсаулық сақтау саласындағы білім беру VIP күні 21.8.2017, Астана Кати Пелтонен PhD (Экономика) Ғылыми-зерттеу, әзірлеу және инновациялар (RDI) директоры Сауықтыру және регенеративті өсу Әлеуметтік және денсаулық сақтау факультеті Лахти қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия


Мейірбике ісі жаңа негізгі құзыреттері ретіндегі электрондық денсаулық сақтау және мейірбикелік информатика • Мейірбикелер жұмыс ортасы өзгеріп келеді -> Мейірбикелер электронды денсаулық сақтау қызметтерін дамыту мен енгізуді және азаматтардың өзөзіне қамқорлық жасауын қамтамасыз етуді өздерінің мейірбикелік жұмысының ерекшелігі ретінде қарайтын тәуелсіз мамандар ретінде маңызды рөлге ие. • Пациенттердің күтімінен кейінгі мейірбикелердің ең маңызды міндеті - пациенттің күтімі мен күтім жоспарлары ақпаратымен бөлісу • Мейірбике құжаттары негізгі даму бағыттарының бірі ретінде • Мейірбике информатикасы құзыреттілігі қажет


Финляндиядағы электрондық денсаулық сақтау

Финляндия денсаулық сақтау саласында АТ-жүйелерін пайдалану бойынша алда келеді; Финляндия Еуропалық Одақ бойынша денсаулық сақтау саласында АТ енгізуде бесінші орында.

1996 жылдан бастап электрондық денсаулық сақтауды дамыту саясаты және мейірбикелік білім беруді дамыту. 2015 жылы әлеуметтік істер мен денсаулық сақтау министрлігі белгілеген Ұлттық Фин Электрондық денсаулық сақтау және әлеуметтік 2020 стратегиясы

Ақылды жүйелер: • Жалпы республикалық «Канта» қызметі (Финляндияның пациенттерді электрондық есепке алу жүйесі) тұрғындар мен денсаулық сақтаудың барлық қызметтері, дәріханалар мен бірнеше жеке медициналық қызмет көрсетушілер арасында деректерді тиімді түрде бөлісуге мүмкіндік береді. ЭДТ қамтылуы 100% (қоғамдық алғашқы және кейінгі денсаулық сақтау), 80% (жеке), ЭДТ ақпарат алмасу 90% (қоғамдық, аурухана аудандары), электронды жолдамалар және шығару хаттары 95% (Электрондық денсаулықты зерттеу, 2011). • Барлық медицина қызметкерлерінің Халықты Тіркеу Орталығы шығарған жеке карточкасы бар.

Қабілетті пайдаланушылар: • Фин Ұлттық Мейірбике Құжаттама Моделі және жаңартылған фин күтім классификация жүйесі (FinCC) • 2005 жылдан бастап ұлттық жобалар арқылы дамытылған • Құжаттау үлгісі бірнеше ұлттық заңнамаға сәйкес • FinCC классификациясы Халықаралық клиникалық қамсыздандыру классификациясынан (CCC) аударылған және расталған.


Құрылымдық мейірбике құжаттары және оның компоненттері • Құрылымдық құжаттама пациенттің жағдайының бірнеше аспектілерін ескеретін мейірбикелік күтімнің жүйелі электронды құжаттамасына жатады. Ensio, A. 2015. Overview of the Finnish Care Classification (FinCC) system.

Фин күтім классификациясы (FinCC) жүйесіне шолу.


Құрылымдық электрондық құжаттаманың әсері (Saranto et al., 2013; Mykkänen, Miettinen & Saranto, 2016)

• Дәлелді мейірбикелік көмектің сапасын және оның құжаттамасын жақсартады • Стандартталған, келісілген тұжырымдар мен қысқартулар интервенцияларды жақсы сипаттауға, қателер мен дұрыс түсінбеушіліктерді кемітуге алып келеді • Пациенттердің қауіпсіздігін арттырады және қамқорлықтың үздіксіздігін арттырады • Көп профильді ынтымақтастықты күшейтіп медициналық көмек көрсетушілер арасында пациенттер туралы ақпаратты қайта пайдалануды күшейтеді -> пациенттерге арналған даңғыл күтім жолдары • Қолданылған емдеу әдістерін және олардың тиімділігін бағалау мүмкіндіктерін арттырады. • Стандартталған мейірбике құжаттамасы дəлелді мейірбикелік басқаруды қолдайды.


Құрылымдық құжаттамаға оқыту: eNNI жобасынан алынған түсініктер • 2008-2012 жылдар аралығында жалпыұлттық eNNI жобасы (Мейірбике ісіндегі электронды құжаттама - білім және жұмыс арасындағы ынтымақтастықта мейірбике информатикасы құзыреттілігін қалыптастыру бойынша ғылыми-зерттеу жобасы). • Жобаға аймақтық жұмыс топтары, 38 әлеуметтік және денсаулық сақтау ұйымдары және 1400-ден астам мейірбикелер қатысты. • Дамыту бойынша оқыту (LbD)

Даму циклі

1. Ағымдағы жағдайды талдау

2. Пилоттық аймақтарды анықтау (мысалы, палата мен жағдайлар)

4. Ұйымда кең қолданылаты н жаңа тәжірибені енгізу

3. Тренерлердің көмегімен құрылымдық құжаттаманы тәжірибеде қолдану


Әрі қарай дамыту қадамдары • Мобильді құжаттандыру жүйесі: • Мейірбикенің уақытының шамамен 25-50% құжаттама алады. Компьютерлер кейде болмағандықтан жүйелі электрондық құжаттауда кешіктірілулер пайда болады, ал бұл қателерді арттырады (Gugertyn al. 2007) • Құрылымдық электронды құжаттаманы неғұрлым тиімдірек ететін ауруханалар үшін сымсыз жазу жүйесін дамыту қажет. • Канта.фи 2017 жылы Финляндияда денсаулық пен тұрмыс жағдайын жақсартуға арналған ең мобильді қызмет ретінде марапатталды.


Виртуалды үйдегі күтім • Виртуалды үйдегі күтім Финляндияда 25-тен астам муниципалитетте пайдаланылады және оны пайдалану аясы тез дамып келеді. • Виртуалды күтім қалыпты үй күтімін толықтырады • Виртуалды үйдегі күтім бейнеконференция арқылы белгілі бір уақытта байланысып пациенттің жағдайын, оның дәрі-дәрмектерді қабылдауын тексеру немесе оған нұсқаулық беру үшін қолданылады. • Виртуалды күтім негізінен: • Қандағы қант мөлшерін өлшеу жөніндегі нұсқаулық • Инсулин жөніндегі нұсқаулық • Дәрі-дәрмек жайлы нұсқау (мысалы, Паркинсон ауруына шалдыққан науқас күніне бірнеше рет бақылауды қажет етуі мүмкін) берілуі үшін қоланылады


Лахти виртуалды үйдегі күтім • Лахти қаласы виртуалды үйдегі күтімді 2016 жылы қаланың үш ауданында бастады және осы жылы пациенттердің үлесі артып келеді. • Лахти қолданбалы ғылымдар университеті жоба серіктесі ретінде егде жастағыларға планшеттерді қалай қолдануды үйретті. • Нәтижелері: • Виртуалды күтім үйдегі күтім жасау тиімділігін арттырады • Виртуалды үйдегі күтім бір күндік пациенттің үйіне баруды алмастырады • Бір мейірбике үй күтіміндегі пациенттерді кеңседен шықпай-ақ бір жұмыс ауысымында емдей алады -> Үй күтіміндегі пациенттер үшін көбірек уақыт -> 5460 с / жыл = екі мейәрбикенің жылдық жұмыс уақыты


Назар аударғаныңызға рақмет! Байланыс мәліметтері:

Кати Пелтонен PhD (Экономика) Ғылыми-зерттеу, әзірлеу және инновациялар (RDI) директоры Сауықтыру және регенеративті өсу Әлеуметтік және денсаулық сақтау факультеті Лахти қолданбалы ғылымдар университеті, Финляндия E-mail: kati.peltonen@lamk.fi, Тел. +358-44-78 1041


Қазақстан-фин білім беру және инновациялық тобы, KFEIG - төрт фин білім беру орындарының консорциумы: Хяме қолданбалы ғылымдар университеті (HАМК), JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Лахти қолданбалы ғылымдар университеті (LAMK) және Тампере ересектерге арналған білім беру орталығы (TAKK)

KFEIG Консорциумы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай мамандарды даярлау мен ғылыми зерттеулер жүргізуге назар аударады. Консорциум бакалавриат пен магистратура бағдарламаларын, ашық оқытуды, үздіксіз білім беруді, құзыреттілікке негізделген кәсіптік орта білім және кеңесшілік қызметтерді ұсынады.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.