Инновациялықсеминар сессиясы

Page 1

Инновациялық семинар сессиясы Қазақстан-Финляндия ынтымақтастығын дамыту Д-р Есси Риимин, Аға оқытушы және Ғылым менеджері, Хяме қолданбалы ғылымдар университеті


Оқу кафесі Оқу кафесі - үлкен топ диалогын ынталандырудың тиімді және тартымды тәсілі болып табылады. Ол ми шабуылына, жаңа шешімдерді жасауға және білім алмасуға арналған.


Оқу кафесі бойынша нұсқаулық • Шағын топтарға бөлінейік. Әр топтың өзінің кафедегі үстелі бар. • Әрбір кафе үстеліне арналған сұрақ бар. • Әрбір кафе үстелі өз иесін таңдайды. Үстел иесі үстел басындағылардың идеяларын, ұсыныстарын және сұрақтарға жауаптарын жазып отырады. Талқылау 15 минутқа созылады.


Оқу кафесі бойынша нұсқаулық • 15 минуттан кейін топ жаңа үстелге ауысады. (Топтық айналу) • Үстел иесі қалады да қағаз парағына жазылған идеяларды жаңа топқа ұсынады. • Жаңа топ идеяларды әрі қарай дамытып жалғастырады немесе жаңа идеяларды ұсынады. Иесі ұсыныстарды әрі қарай жалғастырып жазады. • Содан кейін топ қайтадан жаңа кафе үстеліне ауысады, ал үстел иесі орнында қалады. • Соңында, барлық топтар бар кафе үстелінің басында болып келгеннен кейін, үстел иелері барлық жауаптарды көрсетіп оқып береді.


Кафе үстелдеріндегі сұрақтар 1. Инновациялық педагогикалық білім беру саласында Қазақстан-Фин ынтымақтастығын қалай дамытуға болады? 2. Мектеп менеджменті пен педагогикалық көшбасшылықта Қазақстан-Фин ынтымақтастығын қалай дамытуға болады? 3. Білім беру саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерде Қазақстан-Фин ынтымақтастығын қалай дамытуға болады? 4. Біздің студенттер арасындағы Қазақстан-Фин ынтымақтастығын қалай дамытуға болады? 5. Жақын болашақта Қазақстан-Финляндия ынтымақтастығының нақты қадамдары қандай болуы мүмкін?


Қазақстан-фин білім беру және инновациялық тобы, KFEIG - төрт фин білім беру орындарының консорциумы: Хяме қолданбалы ғылымдар университеті (HАМК), JAMK қолданбалы ғылымдар университеті, Лахти қолданбалы ғылымдар университеті (LAMK) және Тампере ересектерге арналған білім беру орталығы (TAKK)

KFEIG Консорциумы еңбек нарығының қажеттіліктеріне сай мамандарды даярлау мен ғылыми зерттеулер жүргізуге назар аударады. Консорциум бакалавриат пен магистратура бағдарламаларын, ашық оқытуды, үздіксіз білім беруді, құзыреттілікке негізделген кәсіптік орта білім және кеңесшілік қызметтерді ұсынады.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.